«Жасыл-яғни үнемді»атты сынып сағаты
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ
бойынша «Жасыл -яғни үнемді»атты сынып
сағатының өтілуі туралы хабарлама
(2017-2018 оқу жылы)
Облыстық білім басқармасының 21.11.2017 жылы №05/4806 хатын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырып, ЫАлтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының оң қорытындысын алған «Жасыл сабақ» әдістемелік оқу құралының негізінде «Көктал орта мектеп-бақша» КММ де 28 қараша күні 2-4 сыныптар арасында «Жасыл-яғни үнемді»атты сынып сағаты өтті.Сынып сағат барысында оқушылар психологиялық тренинг жүргізіп, сыныптарды топқа бөліп, слайд көрсетіп , әр түрлі ойындар ойнатып,сурет салдыртты. Қорытынды барысында алма ағашына ауызсу мен электр қуатын ұқыпты пайдалану керектігі , тұрмыстық қалдықтарды ұтымды жою, зиянды қалдықтарды тастамау сияқты өз ойларын жазып жапсырды.
Мектеп директоры: М.А.Айнабаева