18
июнь
2018
2017-2018 оқу жылында өтілген жалпыұлттық ата-аналар жиналысы.
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ -сі
бойынша 2017-2018 оқу жылында өтілген
жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
туралы мәлімет.
бойынша 2017-2018 оқу жылында өтілген
жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
туралы мәлімет.
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ –де «Білімді ұлт-білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» атты жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Қатысқаны-48 ата-ана. Жиналыс бастамас бұрын мектеп психологы Қабакаев Ернар Серікұлы психологиялық тренинг өткізіп, ата-аналарды топқа бөліп отырғызды.Мектеп директоры Халықаралық отбасы күнімен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Психологиялық ахуал туғызу.
2.Баяндама: “Тәрбие тал бесіктен басталады” Оқитын:Мектеп психологі Кабакаев Ернар Серікұлы
3.Оқу-тәрбие саласы бойынша жылдық атқарылған жұмыстар. (Мектеп директоры М.А.Айнабаева .Оқу ісінің меңгерушісі Б.З.Тундебаева Тәрбие ісінің меңгерушісі Абылкасымова Г.Д)
4. 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау.
5. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру-тәрбие негізі.
6. Мектептердегі қорғаншылық кеңестің қызметі.
7.Отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту.
8.Оқу процесін цифрландыру.
9.Оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелерді енгізу.
«Тәрбие тал бесіктен басталады»атты баяндама оқылды. Қазақстандық білім беру жүйесі,ҰБТ,қамқоршылық кеңес, педагог кадрларды дайындау , күнделік, рухани жаңғыру бойынша видео-роликтер көрсете отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шығарылған шешім:
1“Тәрбие тал бесіктен басталады” атты оқылған баяндама қанағаттанарлық деп танылып, әр отбасында басшылыққа алынсын.
2. Оқу-тәрбие саласындағы жұмыстар барысында білім сапасын жақсартуға әр ата-ана өз үлесін қоссын.
3. Мектептегі қорғаншылық кеңес пен бірге бірлескен жұмыс жандандырылсын.
Мектеп директоры М.А.Айнабаева
Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Д.Абылкасымова
Тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Д.Абылкасымова