12
июнь
2018
"Қош келдің,әз наурыз"
Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады
Көрнекілігі: «Наурыз - 2018» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе
Мұғалім
Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын
Әз наурыз келіп еліме
Жер ана бойы балқысын
Жаңғырар дәстүр салтымның
Көзелсін бұлақ жалғасы
Қастерлі менің халқымның
Мереке Наурыз-жыл басы!
(Дауылпаз үні естіліп, даңғыры қағылып ортаға Қожанасыр, Алдар Көсе Тазша бала шығады)
Алдар; -Уа халайық! Тойға келіңдер! Тойға
Қожанасыр: -Нұрлы Наурыз тойына келіңіздер!
Тазша бала: Уа балалар!Ит жылының айтулы тойы, біздің мектептің Наурыз мерекесіне келіңдер
Алдар Көсе; -Ә-ә-әй,ағайын!
Той деп жар салайын
Наурыз-тойға келіңдер
Менде бірге барайын!
Қожанасыр: -Ағайын тойға келіңдер
-Мерекені көріңдер!
Ит жылы келді еліме
Той көрімдік беріңдер
Тазша бала; -Алдар аға, бүгінгі тойға тіпті өлеңдетіп, сықиып киініп келіпсіз ғой. Жел бір жағынан кіріп,екінші жағынан шығып кететін шұрық тесік әйгілі шапаныңыз қайда?
Алдар Көсе;-Биыл ит жылында мектепте « Үлгілі аула», «Туған өлке тарихы» бойынша музей ашылып, аудандық эскпедициялық топтар байқауынан ІІІ-орын, «Күзгі кросстан» І-орын, Ә,Найманбаевтың 150 жылдық тойынан І-орын, облыстан тарих пәні бойынша олимпиададан ІІІ-орын,Рухани жаңғыру бойынша еңбек пән мұғалімдерінің жұмысы ІІ-орын, мектептің басшысы «Алаш ұстазы» атты медаль алып , үлкен табыстармен қарсы алып жатқанда жыртық шапан менің теңім бе?
Қожанасыр:Тотыша тақылдаған мұның кім тағы?
Алдар Көсе;-Қожеке танымадың ба, бұл Тазша бала ғой
Қожанасыр:-Тазша баламысың, ей. Келші бауырым, құшағыма қысайын
Тазша бала;Амансың ба, Қожеке!
(екеуі құшақтасып амандасады)
Алдар Көсе; -Уа халайық! Тойға келіңдер! Тойға
Ұлыстың ұлы күні мерекеде
Көнелсін Қазақстан берекеге!
Қожанасыр:-Наурыз мерекесі құтты болсын!Ит жылы елімізге бақыт қонсын!
Тазша бала-Ит жылы болсын деп мақсат, асқар шың
Наурыз-думан мерекесі басталсын
І-жүргізуші: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
2-жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
ӘН: Ерсін Нурбол
2-жүргізуші;
Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Оқушылар
Н . Наурыз – көктем мерекесі
А Наурыз – жыл басы
У . Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
Р Наурыз – қуаныш мерекесі,
Ы Наурыз -бақыт пен шаттық мерекесі
З Наурыз – еңбек мерекесі
2-
0-
1-
8-
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
2-жүргізуші: Наурыз тойын жұп жазбай Қошеметпен қарсы алайық. Досқа құшақ ашайық. Өлең-жырға бастайық. Қазақтың бір салты деп Тойға шашу шашайық.
Әр сыныптың әжелері шығып шашуларын шашсын.
1- жүргізуші: «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен.Олай болса Қызыр Атаны шақырып бата алайық!
Қызыр Ата:Уағалейкумассалам!
Кең пейілді қазақ елім!
Кемелденген ғажап елім!
Ұлыс күні құтты болсын
Ел іргесі мықты болсын!
Бақыт әкеп Ұлыс күні,
Баянды боп тыныштығы
Әнші құстар баққа қонсын,
Алтын табақ аққа толсын
Бұлт шалмасын ай-күнімді
Жаңа күнім жадырасын,
Төл көбейіп жамырасын!
Бағы жанып кәрі-жастың,
Басынан бақ арылмасын!
Орындалып ойларымыз
Тойға ұлассын тойларымыз!
Әумин!
2-жүргізуші: Баталарыңыз қабыл болсын дейміз!
1-жүргізуші: Тойла бүгін, тауларым мен боз далам, Тойла бүгін, қарттарым мен бозбалам. Қайта оралған намысымдай Наурызым, Жаңа жыл боп қош келіпсің, Наурызым деп құттықтау сөз кезегіне берелік
1) Ауыл әкімі: Серік Ахметұлы
2) Мектеп директоры: Майра Абдрешқызы
3) Қарт ұстаздарымыз Биғасыл Мамырбекқызы
4) Қаныша Құсайынқызы
2-жүргізуші: Жақындатып өткенге, кеткенге енді, Көктем келді балбырап, көктем келді Суық сорған жаныма шуақ құйған, Осы еді ғой күткенім көптен бері. деп
Ортада 2 сынып қыздары гүлдер биін билейді
1-жүргізуші: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық! Қош сау болыңыздар.