15
март
2018
"Спорт саңлақтары ауылдан шығады" тақырыбында ауылымыздан шыққан спортшылармен кездесу.
Спорт саңлақтары ауылдан шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ! Құрметті қонақтар ,ұстаздар және оқушылар.Бүгінгі «Спорт саңлақтары ауылдан шығады» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Қызмет қылсаң халқыңа,
Игі ат қалар артында- деп қазақтың кемеңгер ақыны Сабит Дөнентаев айтқандай ,біз бүгін қонаққа бұрын осы мектебімізден түлеп ауыл атын ауданға ,облысқа шығарған ,ауылдың белді азаматтарымен кездесу кешін ұйымдастырдық.Кешімізді бастамас бұрын , қонақтарымызды шақырып төрімізге жайғастырсақ.
1) Нұрлы үмітін арқалаған арқаға ,
Жан сәулесін тарататын баршаға ,
Шын пейілмен ізгі ниет көрсетіп
Қонақтарды қарсы алайық қол соға –деп осы кешімізді ұйымдастыруға негіз қойған Барлыбаев Өмірзақ Мамырбекұлына қонақтарымызды таныстырып ортамызға шақыруға рұқсат етіңіздер.
2) Берекемен бірліктің басын құрап
Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ
Бітіргелі мектепті көп жыл өтті
Сағынысып кездесу асыл мұрат
2)Құрметті қонақтар қош келдіңіздер ,
Қадамдарыңыз оң болсын –ал енді қонақтарымыздың спорт жолымен қалай жүргенін соған қалай келгенін білмес бұрын , алдымен барлығына спорт деген не ? осы жайлы түсінік қалыптастыру үшін баяндамаға кезек берейік.Оқитын 10 сынып оқушысы Шаймұратова Мейрамгүл
1)Қымбатты қонақтар алдымен өздеріңіз жайлы қысқаша ғана айтып өтсеңіздер. (Шаймұрат ,Сәмет,Мақсұт,Рүмсия)
1)Бойларында жігер күші тасыған
Кездері жоқ қиындықтан жасыған
Қонақтарым келіп отыр бой түзеп
Арналсыншы оларға бүгін сый құрмет-деп келесі кезекті әсем әнге берсек қайтеді Шынар
2) - әрине Аңсар осында отырған спортшыларымызда барлық адамзат баласы да осы ұстаздардан білім алған онда осы ұстаздарымыздың құрметіне Гүлбақыт Айдынқызының орындауында Ұстазым әнін қабыл алыңыздар,
(торт кіргіземіз ) тор ты өмірзақ мұғалімге айту
1) Ары қарай жалғастырсақ құрметті қонақтар енді сіздермен сыр сұхбат жүргізсек ,Ең бірінші сұрағымыз Шаймұрат ата сізге қойсақ осы жасқа келгеніңізше осындай спорт түрімен айналысуыңыздың қыр сыры неде ?
1) Қазақтың киелі жануарларының бірі ат қандай ұлттық ойынды алсақта ат үстінде өткен .Осыған орай мен келесі сұрағымды Сәмет ата сізге қойсам –атқа қалай міну керек , ат баптаудың түрлерін айтып мына отырған ер жігіттерге бөліссеңіз.
2) (егер қысқа сөйлесе тағы бір екі сұрақ қою )
1) Спорт,спорт ,спорт
Денсаулыққа пайдалы
Секірген әрі жүгірткен
Жаттықтырған адамды –дей келе (еркеназ би тобын ) ортаға шақырайық.
2) Қымбатты қонақтар сыр сұхбатымызды ары қарай жалғастырсақ
Мақсұт ата – сіздің ерекше спорт түрі зілтемір көтерумен айналысқаныңызды естідік Сонда сіз қай кезден бастап зілтемір көтере бастадыңыз? Қандай салмақтағы зілтемірлерді көтердіңіз ?
1)Қәзіргі таңда шаңғы спортының қазақстанда да әлемдік деңгейде де жақсы дамыған . Рүмсия апай және Нәзен апай сіздердің мектеп жасыңызда шаңғымен айналысқан екенсіздер . Сол туралы бізге толығырақ айта кетсеңіздер ?Бұл спорт түрін неге ары қарай дамытпадыңыздар?
2)Мархат аға –ауыл жастарының еркін күрес спортына ден қойып , айналысқанын соған көмек беріп ,қолдау көрсеткен бірден бір адам сізсіз.Өзіңіздің осы спорт түрімен айналысқаныңыз жайлы толығырақ айта кетсеңіз?
2) Қабыл етіп қонақтардың тілегін
Тілегіңді Тұмар етіп жүремін
Кейінгіге жақсы ісің үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім –деп кешімізді жалғастыра отырып бүлдіршін балаларыңыздың орындауында жұптасу биі қарсы алыңыздар.
2)Қонақтарымызбен ары қарай сұхбатымызды жалғастырсақ.Енді осы отырған оқушыларымыздың ойында білгісі келіп жүрген сұрақтарға ,сонымен осы спорт түрімен айналысқысы келетін балалар сұрақ арқылы өз қызығушылықтарын білсе деген ниетпен оқушыларымыздың қоятын сұрақтары болса (5-6 бала)
1) Келесі кезекті «Жас Шынар» үйірме мүшелерінің өлең шумақтарына кезек берсек.
2) –Аңсар кешіміз қызықты әрі көп сұрақтарымызға да жауап алып көп нарсе үйреніп жатқан сияқтымыз ,қалай ойлайсын?
1) –Иә Шынар өте дұрыс айтасын келесі кезегімізді көңіл сергітетін тағы бір әсем әнге берсек
Садвакасов Дарханның орындауында осында отырған жастар өздеріңізге арналады .
1) Құрметті қол күрес спортшылары сіздерге жалпы сұрақ қойсақ, осы спорт түрінен жеткен жетістіктеріңіз,қай жастан бастап айналысқандарыңыз жайлы айтып өтсеңіздер.
2) ЕНді біздің оқушыларымызға осы әдістеріңізді таныстырып қол күрестіріп көрсетсеңіздер!
Ол үшін ортамызға оқушыларымыздан ең мықты деген 2 ұлды шақырып қол күрестірсеңіздер! ( стол алып кіру)
2)Қымбатты қонақтар сіздермен тағыда сұхбат жүргіссек жалпы қазіргі таңда елбасымыздың өзі Н.Ә.Назарбаев спортты алдыңғы қатарға қойған сонымен қатар рухани жаңғырудада солай хабарлаған болатын.Ал енді спортты серік етпеген адамдарға көзқарастарыңыз қандай?
1) Келесі сұрағым өздеріңіздің қазіргі таңда ұрпақтарыңызға салауатты өмір салтын ұстанумен қаншалықты қадағалайсыздар?
2)ЕНді сіздермен шағын ойын ойнасақ
Адамзаттың жылдан жылға өсуі табиғаттың заңдылығы ендеше соның символы сияқты бір нәрсеміз осы қораптың (Асхат Азамат қорап) ішінде осыны тапқаннан к кейін – Иә өте дұрыс айтасыздар ! Енді осы күшіктің түр түсін , қандай тұқымдастан шыққаны туралы айта аласыздар?
1) Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Қызықты күндер тусын алдан әлі
Ән шашу әсем ән түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады –деп Садвакасова Ақнұрдың әнін қабыл алыңыздар.
2)Ән «Астана» Садвакасов Дарханның орындауында қошеметпен ортаға шақырамыз (қатысқан оқушылар шығады , )
Ал енді осы кешімізден сіздерге арналған құрмет ретінде , Гүл шоқтарымызбен , шағын естелік хатымызды қабыл алыңыздар ( 10 сынып оқушылары)
1) Батамен ел көгереді , жаңбырмен жер көгереді –деп Ауылымыздың молдасы Нұртай ағаны бата берумен ортаға шақырамыз.
2) Құрметті қонақтарымыз денсаулықтарыңыз мықты
1) Жанұяларыңыз қуанышқа тола берсін
2) Бүгінгі «Спорт саңлақтары ауылдан шығады»атты кешімізді осы мен аяқтаймыз
Бірге: Жақсылықта ,амандықта жүздескенше ,сау болыңыздар!
Ауылымыздан шыққан спортшылар:
Уасилов Аят
Саңқайбаев Ерлан
Жұмашев Мұхит
Сабанбаев Бауыржан
Қиықбаев Бейбіт
Жөтеков Ілияс
Рыспаев Бағдат
Черікбаев Берік
Рыспаев Мұхтар
Маматаев Есен
Исов Айдар
Зиятов Бақтияр
Түндебаев Сейтқали
Есболов Айдын
Джиынбаев Дархан