1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс-шаралар
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-сі бойынша
2017-2018 оқу жылындағы 1 желтоқсан ҚР
Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген
іс-шаралардың хабарламасы
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-нде 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай онкүндікке жоспар құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. 21-29 қараша аралығында мектептің ішіне безендіру жұмыстары жүргізіліп, 1-11 сыныптартың Елбасына арнап шығарған қабырға газеттері ілінді. 25 қараша күні 1-7 сыныптарда , 27 қараша күні 8-11 сыныптар арасында Елбасын арналған тәрбие сағаттары өтілді. 28 қараша күні кітапханашы С.Б.Садуақасованың ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында «Елі үшін туған...» атты саяси сабақ өтіліп, өмір жолдары, атқарған еңбектері жайлы таныстырып,бейнефильм көрсетті.29 қараша күні 5 сыныпта «Елі сүйген , елін сүйген Елбасы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. 30 қараша күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын болып, салтанатты жиында оқушылар Елбасына арналған нақыл сөздерін ұстап, Елбасына арнап өлең жолдарын оқыды. 30 желтоқсан күні түстен кейін «ЖасҰлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Елі сүйген, елін сүйген- Елбасы» атты патриоттық әндерден, Елбасының сүйіп тыңдайтын әндерінен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.1 желтоқсан күні мектеп спорт залында бастауыш сыныптар арасында жарыс ұйымдастырылды.
Мектеп директоры: М.А.Айнабаева
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Б.З.Тундебаева