Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
«Көктал орта мектеп-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239)50631
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
январь
2018

«Отбасы-бақыт мекені»

«Отбасы-бақыт мекені»

 

«Отбасы-бақыт мекені»

 

Сабақ тақырыбы: «Отбасы-бақыт мекені»

Сабақтың мақсаты:
Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Ата-ана, ұстаз, бала арасындағы байланысты нығайту.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, ата-анаға, бала тәрбиесіне қатысты байланысты нақыл сөздер

Түрі: тәрбие сағаты

Барысы:

Мұғалім:
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар , қонақтар!
Бүгінгі «Отбасы-бақыт мекені» атты тәрбие сағатымызға хош келіпсіздер! Сіздермен бас қосудағы мақсатымыз отбасындағы бала тәрбиесін дұрыс жолға қою, білімге деген ынтасын арттыру. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Сонымен қатар ата- аналардың бала тәрбиесіндегі шешуі табылмай жүрген мәселелер болса, ойымызды ортаға салайық деп отырмыз.
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да балалар, яғни, бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы .
Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Ал Ы.Алтынсарин. Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу. Баланы текқана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектелмей олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз –балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын арттыру керек деген.Осыған орай баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім,
ата-ана, қоғамның орны бөлек. Осы жайында бүгінде пікір алысып, сыр шертісу мақсатында ата-аналарымызды, ұстаздарымызды, оқушыларымызды шақырып отырмыз.

Отбасы – өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.

ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп белгіленгені мәлім. Дана халқымызда «Отан-отбасынан басталады» деген жақсы бір қанатты сөз бар. Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты. Олар әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі-отбасының бірлігі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін адамгершілік тәрбиеге байланысты.Менің ойымша отбасында бала тәрбиені тек ата-анадан алады. Ата-ана бала үшін үлгі болу керек. Отбасындағы тәрбие қандай болса, бала да ұшқанда соны алады. Отбасындағы тәрбие қандай болса, ұшқанда соны алады.Отбасындағы баланың негізгі ұстазы-ата-анасы.
Ата-ана-отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.

«Әке-асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» демекші әке-ана туралы ғибартты сөздерін айту үшін келесі сөзі балаларға берсем.

І-бөлім. Балалар кезек-кезек әке-ана туралы өз ойларын ортаға салады.

ІІ-бөлім. Мұғалім: Ия, балалар халқымыздың мақал-мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата-ананың қадір-қасиеті туралы айтылған асыл сөздерді табар едік. Алты аға бірігіп, әке болмас, Жеті жеңге бірігіп ана болмас деген сөзде де терең ой жатыр. Сол себепті оларды бар тілеуі балаға бағышталған. Олай болса келесі кезекте экранға назар аударсақ. Экранда слайд көрсетіледі.

(Ана мен бала). Слайд төңірегінде сұрақтар қою

ІІІ-бөлім. Ұжымдық жұмыс. Енді оқушылар мен ата-аналар топ болып жұмыс істесе, бір-бірлерінің жақсы қасиеттерін жазып, мына тақтадағы суретті өңдесе.

І-топ «Мен үшін қымбат әкемнің» әкесінің бойындағы жақсы қасиеттерді күннің шапағына жазу

ІІ-топ «Мен үшін қымбат анамның» анасының бойындағы жақсы қасиеттерді ағаштың жапырағына , жемісіне жазу

ІІІ-топ ата-аналар «Мен үшін қымбат баламның» баласының бойындағы жақсы қаситтерді гүлдерге жазу.

Балаңызға үлгі болатындай бойыңыздағы бір жақсы қасиетіңізді айтып берсеңіз? (әр ата-ана өз қасиетін айтады)

Мұғалім: Әкелеріміздің бойынан осындай жарқыраған күн нұрындай жылу сепкен жақсы, мейірбан, қасиеттер болса, аналарымыздың бойында жайқалған жемісі мол мәуелі ағаштай асыл қасиеттері көп болса, онда балаларыңыз ашық аспан астында, гүлдей жайнап бақытты да баянды өмір сүреді деген ойдамын.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». НӘ Назарбаев

ІҮ-бөлім «Ата-аналар есіне» слайд арқылы көрсету

1. Егер баланы үнемі сынап отырса……….(оқуға құлқы болмайды)

2. Балаға үнемі күлсе…………………(бұйығы болып өседі)

3. Баланы қолдап отырса……………(білімге деген ынтасы артады)

4. Балаға сенім артса……………………(өз ісіне сенімді болады)

5. Бала төзімділікте өссе……………(адал болып жетіледі)

6. Бала қауіпсіз жағдайда өссе………(ертеңіне сенімді болады)

7. Бала кекшілдікте өссе……………(ол қатыгез болып өседі)

2. Бала адалдықта өссе…………(әділ болып жетіледі)

3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе

(бұл әлемде махаббат табуға үйренеді)

Балалардың естеріңе:

1.Ата-аналарыңды сүйіңдер, бағалаңдар және құрметтеңдер-олардың орнын ешкім ауыстыра алмайды.

2. жалқауланбаңдар , әр уақытта ата-аналарына көмектесуге даяр болыңдар-бұл оларға қуаныш әкеледі.

3. саған әкеңнің ризашылық жүзі, анаңның күлкісі ұнай ма? Ендеше ол кісілер әр уақытта осылай болсың десең, олардың көңілінен шығуға тырыс.

4. анаңа , әжеңе, апай-қарындастарына жиі гүл сыйла, тіпті ол даланың гүлі болса да.

5.ата-анаңа қатты ренжіме, есіңде болсың, олар да сендердей болған, ертең сенде солардай боласың-деген сөзді ешқашанда ұмытпа.

Мұғалім:Әр отбасының тірегі, жүрегі және тілегі болады. Тірегі-отағасы, жүрегі-отанасы, тілегі-балалары, яғни ұрпағы. Тірегі-ер азаматы мықты, жүрегі-анасы ақылды болса, онда тілегі-ұрпағы ұлағатты болады деп ойлаймын.