Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
«Көктал орта мектеп-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239)50631
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2018

"Жердің ауа қабаты" ашық сабақ 2 сынып

ІҮ бөлім

Күні: 23.11.2017
Сынып: 2 Мектеп: «Көктал орта мектеп- бақша» КММ
Мұғалімнің аты-жөні : Аргынгазина К.Р
Қатысқандар: 16
Қатыспағандар саны: 0
Сабақтың тақырыбы Жердің ауа қабаты
Оқу мақсаттары 3.2 Ауа
2.3.2.1 ғаламшарымыз үшін ауаның маңыздылығын түсіндіру
2.1.2.1 «ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіру
Сабақ мақсаттары Әр түрлі ресурстарды қолдана отырып, ауаның тіршілік үшін маңыздылығын анықтап, талқылайды, түсіндіреді.
Бағалау критерийлері Ауаның және ауа тазалығын сақтаудың маңызын түсіндіре алады.
Сөздік қор Атмосфера, оттегі, азот, көмірқышқыл газы, таза, тіршілік үшін маңызды, т.б. сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады.
Құндылықтардыдарыту Өмірбойыбілімалу
Пәнаралық
байланыстар Дүниетану
Алдыңғы меңгерілген білім
1 - сыныпта табиғат туралы өтілген білімдерін қайталау
Сабақбарысы
Сабақтың жоспарлан-
ған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3 минут


I.Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір,таза көңілмен
Бүгінгі сабақты бастаймыз!
ә) Топқа бөлу «Тәтті кәмпиттер»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Сақина салмақ» ойыны
- Тісті күніне неше рет жуу керек?
- Жеке гигиенаға қандай заттар қажет?
- Тамақ жегеннен кейін не істеу керек?
- Қандай тағамдарда кальций бар?

Семантикалық картамен жұмыс
ІІ. « Қызығушылықты ояту»
Оқушыларға желдің дыбысын тыңдату.
-Бұл ненің дыбысы?
-Жел дегеніміз не?
Жұмбақ
Бір нәрсе жер мен көктің арасында. Көрінбейді өзі түгіл қарасы да,
Білінбей жер үстінде жүрседағы,
Пайдалы адамзаттың баласына Бұл не?

-Қалай ойлайсыңдар, сабақта не жайлы сөйлесеміз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
презентация

5 минут - Ауа деген не? Ол қайда? Неге ұқсайды? ( талқылау)

Тәжірибе жасау
Балалар біз қазір түрлі тәжірибелер жасап көреміз.
1) Шарды үрлету.
2) Түтікшені алып, алақанға үрлету
3) Стакандағы суды түтікшемен үрлеу
- Өте жақсы балалар
Тәжірибелерді жалғастыра отырып «Гүл күлтелерін» толтырамыз.
№1 тәжірибе
Мұрнымызды жауып, ішімізден санап көрейік.
( тыныс алу үшін)
№2тәжірибе
Суретті алақаныңмен жап. Не көресің? Әрине ештеңе көре алмайсың. Себебі: сенің алақаның мөлдір емес.
Алақаныңды көтер. Қазір сурет пен сенің аралығында тек ауа бар. Оның арасынан сен суретті анық көресің.
Қорытынды: (Ауа мөлдір, түссіз екен)
№3 тәжірибе
Допты екі бүйірінен қысайын. Доп сығылады,кішірейеді. Жібере салсақ, қайтадан орнынан келеді( сығылады)
№4 тәжірибе
Допты жерге ұрып, оның секіргенін байқау. Допты секіртіп тұрған не? Ауа.(ауа серпімді)
№5 тәжірибе
Ауаның бұдан басқа да маңызды қасиеті бар. Жіңішке май шамның біреуін үшке тең етіп бөліп, әрқайсысын жағып үстел үстіне қою.
А) Оның біреуін стақанмен жабу.
Ә) Май шамның екіншісін банкімен жабу.
Б) Үшіншісін ашық қалдыру.
Байқау : Қай май шам сөнер екен ? Қорытындыны оқушыларға жасату.
Сұрақ :Май шамдар неліктен әртүрлі деңгейде жанғанын балаларға айтқызу.(Жануды қолдайды)
Күнделікті өмірмен байланыстыру.Егер пештегі ағаштың , көмірдің жануын күшейту керек болса, оған ауаның мол кіретіндей ету керек. Мысалы ақырын жанып жатқан отты үрлесең , ауа мол кіріп, жану күшейеді.
Қосымша ақпарат
Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз – Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді.
Жер бетіндегі ауаның қозғалысы жел деп аталады. Жел соққанда ағаштарды шайқайды, жапырақтарды түсіреді. Ауаның құрамы:
Азот-78%
Оттегі-21%
Көмір қышқыл газы-1%

Сергіту сәті: «Қызыл гүлім-ай» биі
Дәптермен жұмыс (өздік жұмыс)

Жұппен жұмыс
Видеофильм көрсету
Постер жасау
І топ «Таза ауа»
ІІ топ «Лас ауа»
Өздік жұмыс (Қалыптастырушы бағалау)
Тапсырма:
Суреттерге сүйеніп, сұраққа жауап жазыңыз.
Ауа не үшін қажет?


1. ____________________________________________
2. ____________________________________________
3. ____________________________________________
4. ____________________________________________



Әртүрлі пішінді шарлар


Сызба


«Ауа қабаты»
презентация

Жұмыс дәптері

Білім ланд

Маркер,
плакат т.б

ҚБ парақт
Сабақтың соңы
2 минут • Рефлексия
Қарастырылған мәліметтер бойынша қорытынды жасау.
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Ең басты сабақта не ұнады?
-Не қызықты болды?
- Не қиындық туғызды?
«Білім ағашы» өз ойларын жазу

Бағалау
Оқушылар «Бағдаршам» арқылы өздерін бағалайды.

Бағдаршам

"Жердің ауа қабаты" ашық сабақ 2 сынып
"Жердің ауа қабаты" ашық сабақ 2 сынып