30
январь
2018
Мектеп тарихы
Көктал өңірінде 1925-1926 жылдары ең алғаш мектеп ашылды. Бұл мектепте 1925-1935 жылдар аралығында қызмет еткен мұғалімдер: Қожаев, Наурызбаев Әбілқасым, Қойгельдинов, Татар Қасым, Ақаев Сауатбек, Малақов Сабыр, Кәрім. 1935 жылы ескі қоныстауда алғаш рет 4 жылдық жаңа мектеп үйі салынып пайдалануға берілді. Осы 4 жылдық мектепте 1935-1955 жылдар аралығында Хангелдин Төлеубаев, Баянханов Қабидолла, Хамзин Қабылхақ, Шошаев Мекетай еңбек етті.
1957-1958 жылдары жаңа Көктал ауылы салынған. Сол жаңа Көктал ауылында бастауыш мектеп ашылды. Сол кезде мектепте қызмет еткен мұғалімдер: Жомартов Асқар, Карибжанов Төкен, Чожіков Ерғали.
1970 жылы ауылымызда 8 жылдық мектеп ашылды. Құрманғалиев Түсіпжан мектеп мүдірі болып тағайындалды.
Сол мектепте 13 мұғалім қызмет етті. 1970 – 1984 жылдар аралығында 8 жылдық мектепті 162 мектеп бітіруші түлектер білім куәлігін алып, ұядан ұшты. 1984 жылы 11 жылдық Көктал орта мектебі ашылды. Мектеп мүдірі Оспанов Тұрсынбай Төлеуғажыұлы болды. Көктал орта мектепте 36 мұғалім қызмет істеді.
1984 – 1985 жылдар аралығында 11 жылдық Көктал орта мектепті ең алғаш 21 жас ұл мен қыз бітірді.
1984 – 2000 жылдар аралығында осы мектептен 356 жас түлектер бітіріп, орта білім туралы аттестат алып шықты.
2000 жылы 26 мұғалім осы мектепте жұмыс істеді, 230 оқушы білім алды. Ғасырлар тоғысы қарсаңында мектепте көптеген игілікті істер істеліп, уақыт заман талабына сай оқушыларға жан-жақты білім беруде. Мектепте әртүрлі мәдени, білімдік біліктілік іс-шаралар жүргізілуде, соның бірі 2000 жылдың наурыз айының 4 күні өткен «Жыл мұғалімі-2000» байқауы. Осы байқаудан бас жүлдеге ие болған бастауыш сынып мұғалімі Шағи Жиенбекқызы аудандық «жыл мұғалімі» байқауына қатысып «бір туар тұлға» деген атақты иеленіп, облыстық оқу бөлімінің құрмет дипломымен марапатталды. «Сынып жетекшісі-2000» байқауына қатысқан бастауыш сынып мұғалімі Биғасыл Мамырбекқызы жүлдегер атанып, облыстық білім депортаментінің құрмет грамотасымен марапатталды. Ұлыстың ұлы күні 22 наурызда дайындық тобының қатысуы мен «Ғасыр бүлдіршіні-2000» байқауы ұйымдастырылды. Осы байқаудың бас жүлдесін өз өнерімен, тапқырлығымен көпшілік көңілінен шыққан Мәдина Бейбіт қызы жеңіп алды.
2000 жылдың 9 мамыр күні жеңістің 55 жылдығына арналған сахналандырылған көрністер қойылды. Сонымен қатар соғысқа қатысқан есіл ерлер құрметіне мектеп залына суреттер мен мәңгілік даңқ тақтасы ілінді.
2001 жылдың жылдың қарсаңында мектеп алаңында ертегілер мұз қалашығы жасалынылып, жас ұрпақтар үшін «Ғажайып ертегілер әлемі» сыйға тартылды.
Сондай-ақ 2000-2001 жылдар аралығында мектеп көлемінде үлкеен қамқорлық көмектер ұйымдастырылып, жалпы шамасы 250000 теңге көлемінде әртүрлі жұмыстар мен көмектер жасалынды. Соның бірі мектеп ауласы қоршауланып, тәртіпке келтіріліп безендірілді. Мектеп тарихында бірінші рет Бозабаев Айдар Уәлиұлы мектепке компьютер сыйлады. Сонымен қатар балалардың жүріп тұруына автобус сыйға тартты.
Оқу озаттарына Уәли ата атындағы ақшалай бәйге тағайындалып тапсырылды. 2001 жылдың 22 наурызында Егемендігіміздің 10 жылдығына байланысты ауыл көлемінде «Асыл әже» байқауы өтті. Бұл байқауға 12 әже қатысып, өз өнерлерімен, шеберлігін, шешендігімен кемелдігін танытып, көрермендер көңілінен шықты. «Асыл әже» байқауының бас жүлдесін 3 сынып атынан сынға түскен әже Күләйсә Шапайқызы жеңіп алды.
Бүгінгі таңда жаңа мың жылдыққа қадам басқан шақта 2012-2013 оқу жылында Президетіміз Н.Ә.Назарбаевтын 100 мектеп,100 аурухана саясатынын арқасында ауылымызда жаңа мектеп ашылды.2013-2014 оқу жылында мектебіздің ішінен 17 орынды Балдырған бала бақшасы ашылды.
Қазіргі таңда мектебімізде 27 мұғалім жұмыс жасайды,141 оқушы білім алуда.