03
октябрь
2018
«Жүрегімнің түбіне терең бойла»атты элегия кеші
Алаштың ардақтысы Әсет ақын
Көктал орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысбаева Гүлмира Нұрғалиқызының ұйымдастыруымен алаштың ардақтысы Әсет Найманбайұлының шығармашылығына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла»атты элегия кеші өтті. Кеш мектептегі «Өлкетану» мұражайындағы «Әсет және Көктал» бөлімі мұрағаттарымен танысудан басталды.
Өтілген іс-шарада ақын бабамыздың өлеңдерінен үзінділер оқылып, сахнаның сәніне айналған әсем әндері айтылып, жырдан шашу шашылды. Кеште ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Алпысбаев Айдын Нұрғалиұлының орындауындағы Әсеттің «Інжу-маржан »әні көпшілік көңілінен шықты. Сонымен қатар, оныншы сынып оқушылары айтқан Әсеттің қоштасу өлеңдерін де көпшілік жылы қабылдады. Элегия кешін 10 сынып оқушысы Қасенов Заңғар Әсет атамыздың батасымен аяқтады . Кешке келген қонақтар ақын баба ескерткішіне гүл шоқтарын қойып,ақын рухына тағзым етті.
Кеш соңында сөз алған мектеп директоры Айнабаева Майра Әбдрешқызы өнер сүйер ұрпақ барда, аспан мен жердің арасын әнмен қосқан алаштың ардақтысы Әсет Найманбайұлының өр рухқа толы өлеңдері мен әсем әндері қазақ аспанында мәңгі қалықтай береді деген ойымен кешті қорытындылады.
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Алпысбаева Г.Н
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Алпысбаева Г.Н