Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
«Көктал орта мектеп-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239)50631
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
ноябрь
2018

12-23 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік іс-шаралар.

«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-сі бойынша
12-23 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз
балалық шақ» атты республикалық онкүндіктің
өтілген іс-шаралар туралы мәлімет.
(2018-2019 оқу жылы).


«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-сі бойынша «Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шаралар өткізу туралы» 12 қараша №119 бұйрығы негізінде онкүндік жоспары құрылып, бекітіліп, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Жоспарға сәйкес 12 қараша күні жоспар таныстырылып, балаларға, ата-аналарға, сынып жетекшілерге ақпараттық парақшалар таратылды. 12-23 қараша аралығында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар бірігіп әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалар мен отбасыларын анықтау мақсатында «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім.Көше» рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Садвакасова С.Б зорлық-зомбылықтың және қатігездіктің алдын алу бойынша көрме ұйымдастырылды. 13 қараша күні мектеп тәлімгері «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты бейнероликтер көрсетті.14 қараша күні Мақаншы ПБ-ң ЖПҚБ бастығы полиция майоры А.Ахмеров пен учаскелік инспектор Бұқанов А. шақырып құқықтық білім күні бойынша кездесу өткізілді. Онда құқықтық сауаттылық, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша 9-10-11 сынып жетекшілер баяндамалар оқылды.15 қараша күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алпысбаева Г.Н «Әлемде зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» атты үздік эссе байқауын өткізді. Нәтижесінде 11 сынып оқушысы Айдынкөлева Перизат Әділетқызының эссесі үздік деп танылды. Өмірлік қиын жағдайға түскен балалар мен отбасыларға «сенім жәшігі» ілініп, күнделікті бақыланып отырды. 19 қараша күні «Бақытты отбасы» , «Зорлық зомбылыққа төтеп берейік» атты 5-8 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды. 20 қараша күні мектеп психологы «Зорлық-зомбылықтың психологиялық мәнісі» атты тренинг, анкеталық сұрақтар алынды. 23 қараша күні науқанды қорытындылап, оқушыларды мақтау қағаздарымен марапатталды. Науқан арасында өткізілген іс-шаралар мектеп сайтына орналастырылды.
12-23 қараша аралығында  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты  онкүндік іс-шаралар.
12-23 қараша аралығында  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты  онкүндік іс-шаралар.