03
октябрь
2018
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ бойынша 22.09.2018 жылы сағат 17.00-де «Жасөспірім және заң» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
«
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ бойынша 22.09.2018 жылы сағат 17.00-де «Жасөспірім және заң» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналарға жиналыстың күн тәртібі мен мақсаты таныстырылып, 1-мәселе бойынша «Жасөспірім және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында тәрбие ісі меңгерушісінің м.а Н.М.Шатанова баяндама оқыды. 2-мәселеде мектеп психологы Е.С.Кабакаев дайындаған «Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады» тақырыбындағы баяндама тыңдалып, талқыланды. Үшінші қаралатын мәселе бойынша «Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік» тақырыбындағы Мақаншы ЖҚПБ бастығы А.С.Ахмеровтың хабарламасы тыңдалып, ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға толық жауап алынды. 5-сынып жетекшісі Т.С.Садуакасованың «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты оқылған баяндамасында ұл балалар мен қыз балалар тәрбиесі жөніндегі кеңестер ерекше аталып өтті. Мектеп медбикесі Т.Мусинаның «Ата-анаға 10 кеңес» тақырыбындығы хабарламасы тыңдалып, ата-аналарға балалардың жеке бас гигиенасына баса назар аудару керек екендігі жеткізілді және ерте жыныстық қатынастың алдын алу шаралары мен оның адам ағзасына тигізетін зияны, салдары туралы толықтай мағлұмат берілді. Ата-ана Дженбаева Кенжеш пен Чяпан Адыхай осындай жиналыстың бала тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын айтып, өз ойымен бөлісті. Жиналыс соңын тәрбие ісі меңгерушісінің м.а Н.М.Шатанова «Тек қана ата-аналармен біріге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» деген А.Сухомлинскийдің сөзімен аяқтады.

Көктал орта мектеп-бақша» КММ бойынша
0-8 сынып ата-аналары арасында өткізілген
жалпы ата-аналар жиналысы туралы

Мәлімет

Мектеп директоры: М.А.Айнабаева