Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
«Көктал орта мектеп-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239)50631
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2019

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген біріңғай тәрбие сағаттары

«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-сі бойынша     

2019-2020 оқу жылындағы 1 желтоқсан ҚР   

Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген

біріңғай тәрбие сағаттарды өтілуі туралы мәлімет.



 «Көктал орта мектеп-бақша» КММ-де  25 қараша мен 1 желтоқсан аралығында ҚР Тұңғыш Президенті  күніне орай апталық  жоспар құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді.Мақсаты: Елбасының өмір жолы, ерекше қадір-қасиеті, тұлғалық  тұғыры, ерен еңбегі туралы түсінік беру, Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұту, елжандылыққа, Отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу. 27 қараша күні кітапханашы С.Б.Садуақасованың ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында «Елі үшін туған...» атты саяси сабақ өтіліп, өмір жолдары, атқарған еңбектері жайлы таныстырып,бейнефильм көрсетті.28 қараша күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын болып, салтанатты жиында оқушылар Елбасына арналған нақыл сөздерін ұстап, Елбасына арнап өлең жолдарын оқыды.28 қараша күні түстен кейін «ЖасҰлан» ұйымына қабылдау жиыны өтті.

29 қараша күні 1-11 сыныптар арасында Тұңғыш Президент күніне орай

тәрбие сағаттары өтілді. 30 желтоқсан күні мектеп спорт залында 8-11 сыныптар арасында   жарыс ұйымдастырылады.  Сонымен қатар 30 қараша «Біздің Елбасымыз» атты концерттік бағдарлама ұласады. 








Мектеп директоры м.а:       Б.З.Тундебаева


Тәрбие ісінің меңгерушісі:                   Г.Д.Абылкасымова