Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
«Көктал орта мектеп-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239)50631
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2018

Ұланбасын сайлау – маңызды міндет

Ұланбасын сайлау – маңызды міндет

Қашанда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет- ол өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірі шәкірттерімізге білімнен бұрын тәрбие беру, ұстаздардан терең білім мен тәрбиенің сан алуан қырын игеруді талап етеді. Бүгінгі қайнап жатқан қоғамда өзіндік орны бар жасұландықтар болашақтың кілтін өз қолдарына алып, нық қадам басуда. «Жас ұлан» — өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылықтар, гуманистік, демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін – өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Осыған орай, «Көктал орта мектеп-бақша» КММ-де 19 қыркүйек күні сағат 15.00-де 5-11 сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары арасында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Ұланбасын» сайлауы өтті. Сайлаудың негізгі мақсаты: мектеп Ұланбасын әділ сайлау болатын. Мектеп директоры Айнабаева Майра Абдрашқызы сөз сөйлеп, мектеп оқушыларына ізгі тілек тілеп, ұланбасылық қызметтің жауапкершілікті талап ететінін, сайлаудың әділ болуын баса айтып өтті.
Мектеп белсенді әншілері ән айтып, көрермендерге жағымды көңіл күй сыйлады. 2017-2018 жылдар аралығында Ұланбасы қызметін атқарған Нұрасилова Шынар үміткер ұланбасыларға ақыл-кеңес білдірді. Өз кезегін көптен күткен үміткерлер:
8 – сынып оқушысы Шопшинова Эльвира, 9- сынып оқушысы Қабидула Дилназ, 9-сынып оқушысы Серікбаева Әсемай сөз алып, бірінен соң бірі жобаларын қорғады. Көрермендер көкейіндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Сайлау комиссиялары сайлау парақшаларын ұсынды. Нәтижесінде 9-сынып оқушысы Қабидула Дилназ Бақтығалиқызы 55 дауыс жинап, Ұланбасы болып тағайындалды. Ұстаздары мен достары Дилназға сәттілік тілеп, қуанышымен құттықтады.
Мектеп тәлімгері Н.М.Шатанова


Ұланбасын сайлау – маңызды міндет
Ұланбасын сайлау – маңызды міндет
Ұланбасын сайлау – маңызды міндет