Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
«Көктал орта мектеп-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239)50631
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2019

Ұлт тық ойын – халық мұрасы

Тақырыбы: Ұлт тық ойын – халық мұрасы
Мақсаты: Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, ойнату арқылы қызығушылықтарын арттыру. Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд (ұлттық ойындарға байланысты суреттер)
Барысы :
Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды сапқа тұрғызу
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Барша жұртты құрметтеп,
Бас иеміз біз!
«Ұлттық ойын - халық мұрасы» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Кіріспе сөз:
Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай - қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан - жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлттық ойындар осылайша атадан - балаға, үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш - қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл - ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді. Қазақтың ұлттық ойындары тақырыпқа өте бай және алуан түрлі болып келеді.
Мұғалім: Ал, балалар, кім қандай ұлттық ойын түрлерін біледі?
Балалар: Көкпар, күрес, теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, қыз қуу т. б
Мұғалім: Бұл ойындарда қандай мінез - құлықта болуды қажет етеді?
Балалар: Өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, табандылықты, тапқырлықты...
Мұғалім: Олай болса, балалар, келесі кезекті ойын түрлеріне байланысты жаттаған өлең жолдарына берейік.
1-оқушы. Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы «көк бөрте» (лақ) сөзінен шыққан. Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20 - 30 кг – дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан көкпарға тартпайды.
Көкпар жігіттердің күш - жігерін, төзімділігін батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар көкпар аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт.
2-оқушы. Ала алмасаң теңгені,
Мазақ қылар көпшілік.
Ілу үшін теңгені
Керек екен ептілік.
3-оқушы. Ұлттық ойын «Бәйге»
Ойын шарты: Әр топтың алдына 3-4 м қашықтықта межелер белгіленді.
Екі топтың балалары (арақашықтығы 2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.
4-оқушы. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
5-оқушы. Теңге ілу Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма - жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін
Теңге ілу - бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбінесе қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Бұл ойында жігіттің атқа мықтылдығы, ат үстіндегі әрекеті, денесін игеріп алған ептілігі сыналады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі сайрандарда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын немесе алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған, қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, шұңқырдағы орамалды іліп әкетуі тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп. тоқтауға не аттың басын бәсеңдетуге болмайды. Кімде - кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне сыйлаған жас келіннің сыйлығы деп біледі. Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды.
6-оқушы. Кімнің көзі қырағы
Жамбы атуға шығады.
Кім тигізсе жамбыға
Сол елінің ұланы.
7-оқушы.Палуан болу оңай ма?
Қажет оған көп айла.
Сол үшін біз аянбай,
Көп күрестік көгалда.
8-оқушы. Күрес - қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Бұл ойында адамның жеке күш - қайраты сынға салынады. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуі тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Күрес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір - бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.
Қыз қуу». Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстанда қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті.
Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені.
9-оқушы. Аударыспақ - салт аттылардың бірін - бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат күші мол, батыл да төзімді шапшаң қимылдап, атқұлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ қазіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынының бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.
Аударыспақ». Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе - жекке шығып, бірін - бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын.


Мұғалім: Қазақтың кез - келген шаңырағында болған той - мереке ән - бисіз өтпеген.
Олай болса, «Қара жорға» биін тамашалайық.
Біздер шымыр, жүйрік те
Ойынменен шынықтық
Еп қана емес, бірлікте
Керек екен соны ұқтық.
Мұғалім: Қазақтың ұлттық ойындарының көптеген түрлері бар. Азғантай уақыттың ішінде олардың барлығына бірдей тоқталу мүмкін емес. Сондықтан қазір сол ойындардың ішінде «Арқан тартыс», «Асық» т.б ойындарын ойнап көрейік.
Асық ойыны - ер балаларға тән ойын. Асық ойынын жазды күні тақыр жерде ойнайды.
Асық ойны туралы балалардан сұрақтарға жауап алынады. Асық ойны және арқан тартыс ойны ойнатылады.
Қорытынды сөз: Сонымен ұлттық ойындар - ата - бабамыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, қабілетін оятады. Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе секілді. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан - ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ойнау арқылы бойымызға қүш жинап, ақыл - ойымызды толықтырып, еліміздің туын биікке көтеретін сегіз қырлы, бір сырлы азаты мен азаматшалары болып өсе берейік - дей келе тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Ұлт тық ойын – халық мұрасы
Ұлт тық ойын – халық мұрасы