04
февраль
2019
«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»
Тақырыбы: «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!»
(Ардагер ұстаздармен сыр-сұхбат)
• Қонақтарды қарсы алу
• Көруге келген қонақтарды таңдаған парақшаларының қиындысын табу арқылы топқа бөлу
Мұғаім: Армысыздар құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар!
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ардагерлеріміздің орны ерекше.
Мектебіміздегі ардагер ұстаздардың қатысуымен «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбындағы ардагер — ұстаздармен сыр- сұхбат шарасына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз, — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі сыр сұхбаттың қонақтары — ардагер ұстаздармен таныс болайық.
Білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері және жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде біраз жетістіктерге жеткен аяулы ардагер ұстаздарымыз
Биғасыл Мамырбекқызы мен
Қанша Құсайынқызына қошемет көрсетіп қол соғып қоялық.
Жүргізуші: Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
Енді шәкірттеріңіздің өздеріңізге арнаған жыр жолдарын қабыл алсаңыздар
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ұстазым менің Ұстазым
Анашыма ұқсадың
Күлімсірей қарап көзіме
Қағаз, қалам ұстаттың
Әліппені ашқызып
Әріптерді үйреттің
Қалам алып қолыма
Жазуды да үйреттің
Жақсы оқып ұғыңдар
Деп бізге жөн сілтедің
Рахмет саған ұстазым
Ұстазым менің, ұстазым
Зерделеп өнегені бала жастан,
Ұстаз болып жаралған әуел бастан.
Жылы жүрек, жүзінде мейірім – шуақ,
Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым, Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап, Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың
Ұстаз бізді білім беріп өсірген Қатемізді әрқашанда кешірген «Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.
Ұстаздың оттай ыстық алақаны, Болған соң ойлайтыны-бала қамы Баладан ұстазыма мың сан алғыс Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.
Нұрын төккен көк аспан күмбезінен Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне. Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем, Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.
Мұғалім ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың,даналардың Өмірде сенің алар орыныңды Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткіздің өз алдыңнан талай бала Бойына құйдың ақыл ой мен сана Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді Ақылшы,тәрбиеші болдың аға
Ұстаздарды қастерлеген заманым Сол үшінде қанатымды қағамын. Әлем сырын түсіндірген балаға, Өсиетін орындатқан дананың.
Ұстаз жолын бағалайтын күн бүгін, Ашқан олар надандықтың түңлігін. Бейбіт өмір мөлдіреген аспаным, Нұрын төгіп,қуанышпен күлді күн.
Келер күнді жас ұрпақпен қарсы алып, Ана мектеп аялаған қаншалық. Қасиетті ұстаз данқын қадірлеп, Шәкірттері жүрсе болды жар салып.
Жүргізуші: Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері ардагер ұстаздарымыздың еңбек жолы көпке үлгі -өнеге. Ұстаз бен шәкірттердің жүрекпен тілдескен диалогы бірде сұрау, бірде ой, бірде кемеңгерлік сөзбен өріліп отырады.Ендеше ардагер ұстаздарымызға қоятын сауалдарыңыз болса. (Ардагер ұстаздарға арналған сұрақтар)
— ұстаздық жолды таңдауда не себеп болды әңгімелеп берсеңіз;
—ұстаз болып жүрген кезде, ерекше сүйікті оқушыңыз болдыма?
—— орындалмаған арманыңыз бар ма?
— Өнерге деген көзқарасыңыз қандай? Бір ән айтып, би билеп берсеңіз
— қиындық кездесті ме? Қиналған қажыған кезде демеу болған не?
—— өмірден нені түйдіңіз?
— қоғам, қазіргі заман, адам т.б туралы қандай ойдасыз көңіліңіз тола ма?.
—мамандық адамның қабілетіне, бейімділігіне байланысты ма?
Мұғалім: Қазіргі таңда ардагер ұстаз Фариха Сансызбайқызы мен Жанат Қабдрешқызы Астана қаласында тұратындықтан біз алдын ала бейне жазба арқылы сұхбат жүргізген едік. Барлығымыз бірге көрейік.
Ұстаздармен ойын сиқырлы сандық ойыны
Әуен қосылып сандықты бір-біріне беріп отырады әуен тоқтаған кезде сандықшадағы асықтың біреуін алып номері бойынша берілген тапсырманы орындау
Екі топқа тапсырма постер құру
1-топ Биғасыл Мамырбекқызы тобына Қанша Құсайынқызының еңбек еткен жылдары сіздердің жүректеріңізде қандай іс әрекеттерімен есте қалғаны жайлы постер құрсаңыздар
2-топ Қанша Құсайынқызы тобына Биғасыл Мамырбекқызының еңбек еткен жылдары сіздердің жүректеріңізде қандай іс әрекеттерімен есте қалғаны жайлы постер құрсаңыздар
Екі топ постер құрғанша Қалыбаева Аяулым мен Ельназдың орындауында «Ұстазым» әні
Ендігі кезекті 8– сынып оқушыларының сіздерге арнап дайындаған концерттік бағдарламасына береміз.
1. Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
2. Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ән жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй,асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,
- дей келе алдарыңызда сыныбымыздың мың бұралған бишісі: Жұмажанова Гүлімді «Қазақ биімен» ортаға шақырайық.
3. Мұғалім,ғазиз мұғалім,
Сарқылса мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Ән « Туған жер» орындайтын Нұрғали Дарын
4. Күлкі өмірді ұзартады демекші 8-сынып оқушыларының дайындаған әзілдерін бірге тамашалайық.
5. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады
Көңілді күндер туған алдан әлі
Ән-шашу,әсем әуен,түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады -дей келе қыздардың дайындаған флешмобын қабыл алыңыздар.
6. Данышпан да,дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
«Ұстаз» деген аяулы,асыл жанды,
Жақсы көрем,арнаймын жақсы өлең.
дей келе 8-сынып оқушыларының «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!
Мұғалім: Бас қосу соңында іздеріңізді басып келе жатқан мұғалімдеріміздің пікірлерін тыңдап көрейік.
Жүргізуші:
Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттеріңізді білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт — бағдар беруде еңбектеріңіз зор. Олай болса, құрметті ардагер – ұстаздар, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болып, ұзақ ғұмыр кешіңіздер демекпіз.
Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар! «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты сыр сұхбат шарасы өз мәресіне жетті.
«Батаменен ел көгерер» (ардагерлерден бата сұрау)
Асық таңбасы бойынша сұрақтар
1.Тауық бір аяғымен тұрса 3кг, екі аяғымен тұрса қанша кг? (3 кг)
2.Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе? (Есіміміз)
3.Мені ешкім түсінбейді неге?(Өйткені ол ешкі ғой)
4.Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк машинаны бір қолымен кім тоқтата алады? (Жол полициясы)
5.Машинаның қай дөңгелегі айланбайды? (Запастағы дөңгелегі)
6.Ненің көлеңкесі жоқ? (Көлеңкенің)
7.Бір ән айтып берсеңіз?
8.Жаңылтпаш айтсаңыз: Ақ қақпаққа көк қақпақ,
Көк қақпаққа ақ қақпақ.