19
июнь
2018
«Ел жүрегі-Астана» атты мектеп бітірушілер кеші.
«Ел жүрегі-Астана»
Мақсаты: оқушылардың 11 жыл білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, мектебіне деген балалық алғыстарын, сүйіспеншіліктерін білдіру. Оқушылардың салтанатты іс-шараға қатыстыра отырып, әсемдікке, адамгершілікке, ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу.
1 –жүргізушіҚұрметті ұстаздар, шақырылған қонақтар, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер «Ел жүрегі-Астана» атты мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын. Армысыздар , жиналған ата-ана, ұстаз, Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас Арамыздан талпынып қақты қанат,
Он бір жылда оң-солын таныған жас
2-жүргізуші Көз салып қараңызшы бойымызға Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар Мектеппенен қоштасу тойымызға
1-жүргізуші Қонақ деген ырысың мен мерейің Енді аяңдап қонақтарға келейін Мектеппенен қоштасу кешіне ортақ болған
Қонақтарды таныстырып өтейін
Ауыл әкімі:
2-жүргізушіКелешек қой осылар барға шүкір, Алдарында ақ қанат арманы тұр Жүректері лүпілдеп тебіреніп Қолдарына аттестат алғалы тұр
1-жүргізушіАлдарыңда сан тарау жолдар тұр бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр үлкен өмір есігін ашпақ мәңгі Келген қауым қол, соғып, қолдап отыр
2- жүргшізуші:Осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын жаңа аттаған кіп-кішкене бүлдіршін болса, бүгін міне есейіп,ер жетіп сіздердің алдарыңызда жүр.Бүгін алтын ұя мектеппен қош айтысатын да кез келіп жетті.Мектептің биылғы жылғы түлектерін құрметпенен қошеметтеп ортаға шақырамыз.
1).Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді
Бар қоғамдық жұмыстың
Ортасында жүреді,- деп ортаға Әшім Адам Мұқаметқалиұлын шақырамыз.
2). Бойында үлкен намыс бар
Әрқашан алға ұмтылғанЖақсы сөздер айтылсын
Үнемі сенің сыртыңнан,-деп ортаға Демеуханов Сәулет Болатұлын шақырамыз3) Күллі жұртты тамсантқан Әуелетіп ән салған Ғалия бізді қуантып Арманыңа жет аңсаған.ОртағаЖақанова Ғалия Сергейқызын шақырайық
4) Қуаныш көп болуда сүйікті елде
Ақылды адам –бәрінен биік пенде
Банусенің болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әр кез биіктерде ортаға Жақанова Бану Сергейқызын шақырайық
5)Бос жіберме ешқашан уақытыңды
Аялай біл ақылың-жақұтыңды
Ернар сен ел сыйлар азамат боп
Болашақтан табарсың бақытыңды деп ортаға Қасенов Ернар Рысқазыұлын шақырайық
6) Жаның бай , өзің сұлу ертегісің
Мінеки ұшып барады ерке ұлың
Жақсы істі жүрегімен ұйымдастырар
Сәулет сен еліміздің ертеңісің деп ортаға Қалыбаев Сәулет Еркінұлыншақырайық
7) Ерланның мінезі бар жанға жайлы
Ешкімді ешуақытта алдамайды
Күліп жур өмірде де дәл осылай
Қиындыққа кездесең болма қайғы деп ортаға Құдайберген Ерлан Рысқамитұлын шақырайық
8) Оқуда алда жүрген бір тұлпары
Болашақтың басылар бір құмары
Бүгінгі күн қуантады ұстазын
Шықты ортағы Балжан қыз гүл жұпары деп ортаға Мұқатаева Балжан Махмұтқызын шақырайық.
9) Сабырлы мінезіңнен бір қалыпты
Кейінгіге үлгі боп із қалыпты.
Қашан да игі істермен қуанта бер
Сүйсінтіп әр ісіңе бұл халықты. Ортаға Нұртай Ақжолды шақырамыз.
10) Биікке самғау мақсаты
Алғыр,зерек,талапты
Шығарма, өлең оқудың
Шебері ол жан-жақты
Шақырайық ортаға
Диана қызды салмақты,-деп ортаға Серікқан Диана Тұрсынқызын шақырайық
11Тіл табысқан бәрімен
Ақжарқын жан өмірде
Жолың болсын әрқашан
Қалықтасын бақыт көгіңде,-деп ортаға Ыдырышева Гүлнұр Аманғалиқызын шақырайық.
1- жүргізуші Алғаш әріп танытып, бастауышта сабақ берген ұстаздарыБиғасыл Мамырбекқызы мен Қаныша Құсайынқызын ортаға шақырайық.
2-жүргізушіҚазіргі таңдағы суығы мен ыстығына көніп, оқушылардың мектеп өміріндегі соңғы күндерінде түлектермен бірге қимас сезімді бірге кешіп жүрген сынып жетекші Жазыбаева Нургул Айткәрімқызынортаға шақырайық.
1-жүргізуші Шалықтаған әнұраным шарықта, Оны айтуға кел, жастарым, жалықпа Өздеріңдей өркендерге сеніп тұр Үмітті ақтап келешекте халық та! Қ.Р мемлекеттік әнұраны ойналады.
2- жүргізуші Аяулы түлектер! Арғымақ аттай тулаған уақытта шек барма? Қызығы мен қуанышы араласқан он бір жыл бір күндей өте шыққаны қандай өкінішті
1- жүргізуші Мектептің алаңсыз күндерін сағынар сәт те алыс емес. Бүгінгі күн-сол шаққа нүкте қояр мезеттер.Олай болса, түлектер! Баршаңыз да бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші Еңбегіңіз еленіп жанып жатыр Қалаулы деп халқымыз танып жатыр Алакөлден түлектер қанат қомдап Қанаттарын қияға қағып жатыр.
1-жүргізуші Жас жүректің өмірлік құштары гүл Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл Қоштасып бүгінгі күн ұясынан Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
2- жүргізуші Тарқамасын қызықтың шағы қызған Жана берсін бақартып бағыңыздан Құрметпенен ұсындық сізге сөзді Ақтарылып көріңіз ағыңыздан-деп сөз кезегінКөктал ауылдық округінің әкімі Садуақасов Нұрымға береміз.
1-жүргізуші Абзал жан бар биік тұлға байсалды Құшақ жая шәкірттерің қарсы алды Қимастықпен салтанатты шақта бір Құттықтайды мектеп басшысы баршаңды Айнабаева Майра Абдрешқызына сөз кезегін берейік
2-жүргізуші Арнап келер мерейтой, мейрамдарда Мәртебең де биік қой мейрам барда Бүгінгі түлектерге тілек айтсын Сөз берелік құрметті меймандарға
Зейнеткер қарт ұстаздарымыз: Биғасыл Мамырбекқызы мен Қаныша Құсайынқызы
1-жүргізуші Бірге өткізген күндерін қыс-жазын да Жазып шықты қаншама іс-қазына Балапанын ұшырған ұясынан Сөз берейік жетекші ұстазына-деп Жазыбаева Нургул Айткәрімқызына сөз берелік.
2- жүргізуші Қандай ғажап қараңыз жан-жағыңа Күміс күлкі сыймай тұр қара мұнда Ата-анадан бақытты бар ма екен жан Қол жеткізген аңсаған арманына. Ата-аналар атынан Андасова Кулихан апайға сөз береміз.
1-жүргізуші Келесі кезекте мектеп бітіруші түлектер атынан Қалыбаев Сәулет Еркінұлыберіледі.
ІІ-бөлім. Мектеп бітіруші түлектерге орта мектепті бітіру туралы аттестат тапсыру үшін сөз кезегін мектептің оқу ісінің меңгерушісі Тундебаева Бақыт Зекенқызына береміз.
1) Құтты болсын мерекең түлектерім Әрқашан орындалсын тілектерің Өзгенің қадірін біл, құрметтей біл Елім деп лүпілдесін жүректерің , -деп кезекті Жақанова Ғалия, Банудың орындауындағы әсен әнге берейік.
2) Кешіміз өтіп жатыр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты
Өздеріңе арналар әсем ән де
Халайық, қол соғыңыз мархабатты. Нұртай Ақжол Ән «Қош бол»
3) Басталғалы тұр менде саналы күн
Қош, мектебім, сыныбым-ана жырым
Қалып барады өзіңнің құшағыңда
Екі көзі мөлдіреп балалығым. Ән «Соңғы қоңырау» Серікқанова Диана
4) Қош бол енді, мектебім-думанды өмір
Шарықтайды сан арман қуған көңіл
Сан тарауға кеткенмен сапар шегіп
Түбі бізді күтеді туған өңір. Әшім Адам мен Демеуханов Сәулеттің орындауындағы
«Қош, мектеп» әнін қабыл алыңыздар.
5) Аспандағы жұлдыздар Вальспенен ұйтқиды Айдан түскен жіп-сәуле Жүрегімді жұлқиды Қолыңды бер, құрбыжан Айналайық жұп болып
Бүгінгі түлектерді мектеп бітірушілер вальсін билеуге шақырайық.
1) Қош түлектер, сыңғырлары сезімнің Қош түлектер, қорғандары жерімнің Ұландарым көк тәңірі қолдасын, Көтеріңдер көк байрағын елімнің
Мектеп туы шығарылсын!
2) Қоштасады алтын ұя мектебің Маңдайынан сипап өттер көкте күн «Сәт-сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз Тілейміз біз армандарға жеткенін-дей келе Ұлттық біріңғай тесттіні табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз! Бүгінгі «Ел жүрегі Астана» атты мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялаймын.