18
июнь
2018
«Құлақтан үнің кетпестей,сыңғырла,соңғы қоңырау»
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ
Соңғы қоңырауға арналған
салтанатты жиын.
Тақырыбы:«Құлақтан үнің
кетпестей,сыңғырла,соңғы
қоңырау»
2017-2018 оқу жылы
Бекітемін: Мектеп директоры М.А.Айнабаева
«Көктал орта мектеп- бақша» КММбойынша
«Құлақтан үнің кетпестей,сыңғырла,соңғы қоңырау»
атты мерекелік бағдарлама.
Жүргізуші:: Армысыздар, құрметті ұстаздар ,қонақтар,оқушылар! Қадірменді ата-аналар! Қымбатты мектеп бітіруші түлектер
Жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
Жүргізуші:Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңызда жауқазындай құлпырған Алаңсыз бұл балғын жүрек балалар. Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай болашағын мәпелер. Бүгін міне мектебімен қоштасады Азамат боп кешегі жас сәбилер. Шақырылған қонақтарды ортаға отырғызу.
1)Көктал ауылдық округінің м.а Урумзинова АйнагулЕсімханқызы
2) Мектеп директоры Айнабаева Майра Абрешқызы
2) Ақсақалдар торағасы Атажанов Маман Зилнешұлы
3) Зейнеткер ұстаздарымыз Биғасыл Мамырбекқызы, Қаныша Құсайынқызы,Фариха Сансызбайқызы
4) Жалпы ата-аналар комитеті және қамқоршылық кеңес төрайымы : Нурасилова Жанат Алпысқызы11 сынып оқушыларын шақыру Жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл, Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл. Қоштасып бүгінгі күн ұясынан, Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр-деп««Құлақтан үнің кетпестей,сыңғырла,соңғы қоңырау» мерекесіне келіп тұрған биылғы түлектерімізді ортаға шақырайық
Түлектерді шақырту.
Жүргізуші:Алтын ұя мектепке кір деп соққан Әлі есімде сыңғыры қоңыраудың. 4 жыл бұрын біз аттандық Шыңына білім деген асқар таудың. Бастауышпен қоштасып, жаңа буынға аттап отырған 4- сынып оқушыларын ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Мектеп деген- білім кені, жыр кені, Мектеп деген-ғылымның ең үлкені. Мектеп деген-тәрбиеші адамға, Мектеп деген- даналардың мекені. Осыдан 20 жыл бұрын жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз бүгінде ойы толып, ер жеткен . Ендеше 20 жылдық түлектерімізді ортаға шақырайық.
Мектеп жетістіктерін оқу үшін сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тундебаева Бақыт Зекенқызына беріледі.
Жүргізуші:««Құлақтан үнің кетпестей,сыңғырла,соңғы қоңырау»
атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймын.
Қ.Р мемлекеттік туы енгізілсін.
2017-2018оқу жылының аяқталуына байланысты бұйрықпентаныстыру үшінсөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарыТундебаева Бақыт Зекенқызына беріледі.
Жүргізуші:11 сынып түлектеріне мектеп түлектері кеңесіне мүшелікке қабылдау үшін ант беруге ортаға шақырамыз. Салтанатты ант қабылдау рәсімін өткізуге 20 жыл бұрын бітірген түлегіміз Ахтекин Елдос Түйкенұлын шақырайық.
( Ант қабылдау рәсімі, шар ұшыру)
Құттықтау сөз: Жүргізуші: Абзал жан бар биік тұлға байсалды , Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды. Қимастықпен салтанатты шақта бір. Құттықтайды қонақтар баршаңызды деп осындай бүгінгі салтанатты жиынымызда құттықтау сөзге кезек берелік.
1)Көктал ауылдық округінің м.а Урумзинова Айнагул Есімханқызына
2) Мектеп директоры Айнабаева Майра Абдрешқызына
3) Ақсақалдар торағасы Атажанов Маман Зилнешұлы
4) Зейнеткер ұстаздарымыз Биғасыл Мамырбекқызы, Қаныша Құсайынқызы,Фариха Сансызбайқызы
5) Жалпы ата-аналар комитеті: Нурасилова Жанат Алпысқызы
Жүргізуші:Бірге өткізген күндерін қыс-жазына, Жазып шықты қаншама іс-қазына . Балапанын ұшырған ұясынан, Сөз берелік жетекші ұстазына деп сөз кезегін 1- сыныпта алғаш қалам ұстатқан ұстаздары Биғасыл Мамырбекқызы менҚаныша Құсайынқызы . Қазіргі 11 сынып жетекшісі Жазыбаева Нүргул Айткәрімқызына сөз береміз. Жүргізуші:Қандай ғажап қараңыз жан-жағыңа , Күміс күлкі сыймай тұр қара мұнда . Ата-анадан бақытты бар ма екен жан , Қол жеткізген аңсаған арманына . Ортаға қуаныш иелері ата-аналардың атынан ортағаНұртай Сүлейменді шақырамыз.
11 сынып түлектердің атынан сөз кезегі мектеп түлегі Ыдырышева Гүлнұр Аманғалиқызына беріледі.
Жүргізуші: Арқалап 20 жылдың өмір жүгін, Қош келіпсіз дейміз біз сізге бүгін. Еске алыңыз балдәурен балалықты, Соғылатын қоңыраудың естіп үнін. Мектебіміздің осыдан 20 жыл бұрын бітіріп бүгінгі қуанышты күні алтын ұясымен, аяулы ұстаздарымен қауышып жатқан кездесу иелеріне сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:Мектеп-сенсің адалдықты үйреткен, Мектеп- сенсің жамандықты күйреткен. Мектеп- сенсің жақсылықты ұран қып, Мектеп-сенсің мені жұртқа сыйлы еткен-деп Осыдан 30-жыл бітірген түлектеріміздің кубогын тапсыру үшін сөз кезегін Арынғазин Мейрам Мақсұтұлына беріледі.
Жүргізуші: Құрметті 11 жылдық түлектермен 20 жылдық кездесуге келіп отырған қонақтарды балалық шақтарын бір сәт еске түсіріп, ортаға «Мектеп вальсі» әніне вальс билеуге шақырамыз.
Жүргізуші: Абыройын туған жердің төкпеген, Бойыңа нұр құйып берді мектебің. Түлектерге кезек келді мінеки, Тапсыруға көк байрағын мектептің. 11-сынып оқушысы Қасенов Ернар Рысқазыұлымектеп туын10 сынып оқушысы Мақсұт Аңсар Мейрамұлынатапсырады.
Жүргізуші: Білімділік-тұтқасы болашақтың, Білім іздеп жас ұрпақ дабыл қақтың . Аманатқып тапсырып білім кілтін, Түлектер арманына қанат қаққын. Білім кілтін 11 сынып оқушысы Серікқанова Диана Тұрсынқызы10 сынып оқушысы Шаймұратова Мейрамгул Бағдатқызына тапсыруға кезек берелік.
Жүргізуші: Мектеп атын шығарып, ауылымыздың абыройын асқақтатып жүрген мақтанышымыз, бірнеше ән байқауларының жеңімпазы, дипломанттары, жас түлек, Жақанова Ғалия Сергейқызын музыка кілтін тапсыруға шақырайық.
Жүргізуші:
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.
1сынып 11 сыныпқа гүл шоғын ұсынады.Қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Иә, бүгін міне қаншама жыл сабақ берген, білімге баулыған ұстаздарың да, жас достарың да, бәрі-бәрі қоштасудың сәті келгенін ұғынып тұр. Бүгінгі салтанатты жиынымыздың ең бір қуанышты да, көңіл толқытар сәті жақындап келеді.
Тыңдаңыздар, ата-аналар, қонақтар! Кез де келді бүгін міне, жыр ақтар, Сыңғырлаған қоңыраудың үндері, Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.
Бүгінгі жиынның соңғы қоңырауын соғу құрметі мектеп бітіруші түлектеріміз Демеуханов Сәулет Болатұлы мен Мұқатаева Балжан Мақмұтқызына беріледі.
Қ.Р мемлекеттік туы шығарылсын.
Қорытынды:Қоштасады алтын ұя мектебің, Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн. «Сәт сапар!» - деп қол бұлғайық бәріміз, Тілейік біз армандарға жеткенін. Қош түлектер, сыңғырлары сезімнің, Қош түлектер, қорғандары жерімнің. Ұландарым, көк тәңірі қолдасын, Көтеріңдер көк байрағын елімнің-дей келіп, Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілей отырып бүгінгі салтанатты жиынды жабық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Салтанатты жиынның ІІ-бөлімінде
Құрметті мектеп бітіруші түлектер! Жүректеріңдегі жан тербеткен ойларың мен сырларыңды бөлісу үшін сөз кезегін өздеріңе береміз.(11 сыныптың концерттік бағдарламасы)