12
сентябрь
2019
«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ » атты алғашқы қоңырау мерекесі.
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-сі
бойынша 2019-2020оқу жылына арналған
«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ » атты алғашқы
қоңырау мерекесінің өтілу барысытуралы
хабарлама.
бойынша 2019-2020оқу жылына арналған
«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ » атты алғашқы
қоңырау мерекесінің өтілу барысытуралы
хабарлама.
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-інде 1-қыркүйек күні алғашқы қоңырау мерекесіне байланысты «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ » атты салтанатты жиын болды. Мектеп ауласына мерекеге лайық , Білім күніне байланысты және Ата заңымызды ардақтайтын қанатты сөздер, шарлар ілініп ,әдемі безендірілді.Жиынғаауыл әкімі Садуақасов Нұрым Нәдірбайұлы,ақсақалдар кеңесінің төрағасы Демеуханов Болат Рымбайұлы ,зейнеткер ұстаздар Бітісова Биғасыл Мамырбекқызы, Алтаева Қаныша Құсайынқызы мектеп бойынша жалпы ата-аналар төрайымы Нурасилова Жанат Алпысқызы шақырылды.Алғашқы қоңырау мерекесінің ашылу салтанатынан кейін ортаға мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған 1- сыныптың 10- оқушысы шақырылды. Келген қонақтар және мектеп директорыМ.А.Айнабаева барлық оқушылар мен ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.Сонымен бірге 1- сынып бүлдіршіндерінің шағын әдеби- монтаж оқылып , құттықтау сөз сөйледі.Алғашқы қоңырау соғу құрметі -1сынып оқушысы Уасилов Азат Архатұлынаберілді. Жиын соңында 10 сынып оқушысы Нұрғали Талант «Отаным Қазақстан» атты әні тыңдалды.Мектеп туы шығарылып, салтанатты жиын аяқталған соң сынып жеекшілер сынып сағаттарын өткізілді.
1сынып тақырыбы «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ »
2 сынып тақырыбы «Мектеп өмірім»
3 сынып тақырыбы «Менің бірінші кітабым»
4 сынып тақырыбы «Мектеп өмірім»
5 сынып тақырыбы «Өзіме қажет-еліме қажет»
6 сынып тақырыбы «Мен патриот деген атқа лайықты болғым келеді»
7 сынып тақырыбы «Лайықты болғым келеді»
8 сынып тақырыбы «Лайықты болғым келеді»
9 сынып тақырыбы «Болашақ мамандықты таңдау жолында»
10 сынып тақырыбы «Мамандық таңдау-мәртебелі іс»
11 сынып тақырыбы «Мен-таңдаған мамандық»
Мектеп директоры М.А.Айнабаева
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Д.Абылкасымова