Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
«Көктал орта мектеп-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239)50631
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2019

Коучинг тақырыбы: Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Коучинг тақырыбы: Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беріледі, қоғамдық пікір қалыптастырылады.
Күтілетін нәтижесі: Еліміздің ертеңі – білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін тыңдаушылар түсінеді. Топта бірлесіп жұмыс жасайды,
Жаңа әдіс тәсілдерді қолдануға мүмкіндік алады.
• Мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады.
• Белгілі бірлескен зерттеу топтары қалыптасады.
• Топтар арасында іскерлік қарым –қатынас орнайды.
Түйінді идеялары: Жаңаша әдіс - тәсілдерді пайдаланып, латын әліпбиі болашақтың кепілі екендігін меңгереді
Әдіс-тәсілдері: «Ойлан, Бірік, Бөліс», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», «Топтық жұмыс», «ПОПС» .
Уақыты Сабақтың кезеңдері Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеттері Қолданыла тын ресурстар
3 мин
Кіріспе
Слайд № 1
Психологиялық ахуал тудыру, топтастыру. Шәмшінің әндері арқылы ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық жағдай жасау, топтастыру.
Топтар осы әндер аралығы арқылы топтасып отырады. Мұғалімдер ән атаулары бойынша топтарға бөлінеді. Суреттер
10 мин

Негізгі бөлім
Слайд № 2. «Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісі арқылы топтық жұмыс Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары:
Латын әліпбиіне көшудің себептері неде?
Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар?
Берілген сұрақ бойынша өз ойларын немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында бүкіл идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс). Алдымен өз ойларын жеке жазады,одан кейін әріптесімен бөліседі соңында талқылап,ортақ бір пікірге келеді

слайд

10 мин

Слаид № 3. ІІ. Латын әліпбиін үйренудің жолдары:
Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады?
Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің.
А4 парағын қолданып сыни ойлау арқылы кітап жасайды, белгілі бір қортындыға келеді, қорғайды
Көбірек мағұлмат,пікір,түсінік, дәлелдер жиналуына мүмкіншілік береді Слаид, А4 парақшалары,
флипчарт
10 мин

Слаид № 4. Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары:
Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін?
Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз? Сурет, мәтін
3 мин

5 мин Қорытынды

Кері байланыс Слайд № 5. ІV. Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» Көрермен не дейді?..

Нұсқау: Кері байланыс « POPS» әдісі бойынша жүргізіледі. Алдарыңыздағы парақшаларда мына сөз тіркестерін толтырыңыздар.
1. Menin/ oiymsha _______________________________________
2. Men muny bylai da/leldeimin _________________________________
3. Меn bug/an mynandai mysaldar keltiremin _____________________________
4. Меn mynandai qorytyndy sheshimge keldim ______________________________ Комментарий жасайды

Коучинг бойынша пікірлерін білдіреді

Кеспе қағаздар

А4 парақшалары
                                                                                Коучинг тақырыбы: Латын әліпбиіне көшу – заман талабы
                                                                                Коучинг тақырыбы: Латын әліпбиіне көшу – заман талабы