«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-сі бойынша «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысының хаттамасы
Өткізілген күні:17.09.2020 ж
Өткен орны: «Көктал орта мектеп-бақша» КММ
Ата-аналар жиналысының мақсаты:
коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа
2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету
Күн тәртібіндегі мәселелер Ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі сұрақтар:
- Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары (әр мектеп ата-аналарға осы мектепте оқитын форматы туралы хабарлайды)
- Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау
- Қашықтан оқыту: баланың мінез-құлық ережелері және жұмыс орны
- Қашықтан оқытуды жүзеге асыратын білім беру Интернет-платформасымен танысу (экранда көрсету)
- Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі
- Баланың оқу режимі және демалысы
- Баланы өздігінен оқуға қалай ынталандыруға болады?
- Балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналармдың бақылауы ережелерімен танысу
- Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынас психологиясы
Тыңдалды: Мектеп директоры М.А.Айнабаева келген ата-аналарды күн тәртібімен таныстырып өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша туралы мектеп директоры: Айнабаева Майра Абдрешқызы сөйледі Екінші мәселе бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі Т.С.Садвакасова мектептің санитарлық жағдайы, оқушыларың бетпердемен қамтамасыз етілуі туралы айтып өтті.
Келесі мәселе бойынша оқу ісінің меңгерушісі Тундебаева Бақыт Зекенқызы оқу барысы, бағалау жүйесі туралы айтып өтті.
Мектеп психологы психологиялық кеңес бере отырып балалардың көңіл-күйлері, бос уақытының өткізуге арналған шараларымен ата-аналарды таныстырды.
Сөйледі: 10-сынып ата-ана Хажимова Нұрлыгүл: Бүгінгі қойылған мәселелер өте орынды. Оқушыларды мектепте сақтақ шараларын толық сақтап жүр, әр дәлізде, дәретханаларының жанында, кіре берісте орнатылған залалсыздандыру құралдары қолданады. Күнделікті таңертеңгі уақытта медбике балалардың дене қызуын тексереді, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жаттығу жасатады.
Ата-аналар мектеппен тығыз қарым-қатынаста болуымыз керек. Балалардың сабағына қатыспайтын ата-аналарға сынып жетекшілер ескерту беріліп жатыр. Ата-аналар уақыт тауып балаларыңыздың сабақтарына қатысыңыздар.
Динара Ақанқызы Тұрысбекова:
Балалардың мектепте оқығаны жақсы, себебі уақытымен барып келеді, күн тәртібін сақтайды.
Қаулы:
- Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары мен оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптары қанағаттанарлық.
- Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі бойынша қосымша ақпарат берілсін.
- Баланың оқу режимі және демалысы ата-аналарға жүктелінсін.
Мектеп директоры: М.А.Айнабаева
Хатшы: Ш.Е.Чожикова