Абай облысы білім басқармасының
Мақаншы ауданы білім бөлімінің
«Көктал орта мектеп-бақшасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72239)50631
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
октябрь
2018

«Арайлы, алтын күз» мерекесі.

«Арайлы, алтын күз» (сайыс ).
Мақсаты:
Мектебімізде өткізіліп жатқан «Арайлы,алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке , ынтымақтастыққа баулу.

Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы,алтын күз» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.

Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің асқақтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі-бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.

Жүргізуші:
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Әділқазы алқаларын таныстырып,
Кетейінші осы отырған баршаңа,-дей отырып құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
4.
Қош келдіңіз көрермен,
«Арайлы алтын күз» кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Арайлы , алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын жеребе тастау арқылы анықтап алайық.
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейік.
1-шарт «Сәлем –сөздің атасы»-бұл бөлімде әр топ өздерін таныстырады.
2-шартымыз «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету
3-шарт.Табиғат өнімдерінен бұйым жасау .
4-шарт. Сән үлгісін көрсету
5-шарт. КТА яғни, КВН ойнау
«Ондай болса енді «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің …….. атты тобымыз өздерін таныстырсын.
Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
Жүргізуші:
Өнер жастан жаныңдар
Өнерпаздар дарындар
Бүгінгі бұл сайысты
Ортаға бәрін салыңдар ,-деп өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз
Жүргізуші: Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің ,
Тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Көрсетеді өнерді сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Табиғат өнімінен бұйым жасар
Сайыскерлер саусақтары майысып. Келесі бөлім табиғат өнімдерінен бұйым жасау .
Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр адам әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен — деп сайыскерлерді сән үлгісінде ортаға шақырамыз
Жүргізуші:
Ойнайықта та ойлайық!
Қатардан қалып қоймайық,
Белсенді болып ортада,
Уақытты текке жоймайық!
Ендігі кезек оқушыларымыздың арнайы дайындалып келген КВН-дарына беріледі
Жүргізуші:1Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз. (жеңімпаз марапатталады)


Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!

«Арайлы, алтын күз» мерекесі.
«Арайлы, алтын күз» мерекесі.
«Арайлы, алтын күз» мерекесі.