Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша өткізілген жиналыс.
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-де
ерте жүктіліктің алдын алу бойынша
өткізілген жиналыстың мәлімет.
(2019-2020 оқу жылы)
«Көктал орта мектеп-бақша» КММ-де 27 қараша сағ 1430 да «Сымбат» қыздар ұйымының төрайымы Нұрсанова Р.Р ұйымдастыруымен, ерте жүктіліктің алдын алу бойынша 7-11 сынып қыздар арасында медбике Шәріпханова Мөлдірдің қатысуымен отырыс өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасында гигеналық білім мен дағдыларды қалыптастыру, оқушы мен ата-аналарды ерте жүктілікпен байланысты қауіптермен таныстыру және жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірі үшін жауапкершілігін арттыру. Отырыстың басында тәрбие ісінің меңгерушісі Г.Д.Абылкасымова «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын-алу және жыныстық тәрбие» атты біркүндікті өткізу туралы концепциямен таныстырды. Сонымен қатар Жамбыл ауданындағы болған оқиға туралы айтып өтті. Отырыс барысында оқушыларды психологиялық ахуал туғызып, топқа бөлді. «Ерте жүктіліктің ертеңі күмәнді»атты баяндама оқылды. Медбике Шәріпханова Мөлдір слайд арқылы ерте жүктіліктің алдын алу туралы түсіндірме жұмыстар жүргізді.Оқушылардың өз ойларында жүрген сұрақтарымен медбике Шәріпханова Мөлдірмен ой бөлісті. Баяндама мен сырсұхбаттан алған ойларын «Постерге» салып , оқушылар қорғады. Отырысты «Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» арқылы кері байланыспен қорытындылады.
Мектеп директоры м.а: Б.З.Тундебаева